Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған І республикалық олимпиаданың бастапқы кезеңінің ашылу салтанаты » Жамбыл атындағы №2 орта мектеп
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы №2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 73-966-22
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған І республикалық олимпиаданың бастапқы кезеңінің ашылу салтанаты
20
ноябрь
2023

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған І республикалық олимпиаданың бастапқы кезеңінің ашылу салтанаты

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылдың 12 қазандағы №307 «2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығы негізінде ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республика көлемінде ауыл мектептерінің олимпиадасы  тұңғыш рет ағымдағы жылдың 20-30 қараша күндері аралығында  өткізіледі. Олимпиаданың ашылу салтанаты мектебімзде сағат 9.30 да басталды.

Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы. 

Олимпиада міндеттері:

1) ауыл мектептері оқушыларының теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету;

2) ауылдық білім беру ұйымдарындағы дарынды балаларды анықтау үшін жағдайлар жасау.

Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:

бірінші (бастапқы) – қараша айы

екінші (іріктеу) – желтоқсан айы

үшінші (республикалық) – ағымдағы оқу жылының қаңтар айы.

Ауыл мектептерінің олимпиадасына республика бойынша-85401 оқушы тіркелген. Алматы облысы бойынша-8684 оқушы тіркелді. Оның ішінде: Балқаш ауданы-325, №2 Жамбыл атындағы орта мектебі бойынша 12 оқушы тіркелді.  Олимпиадаға қатысушыларға сәттілік пен шабыт тілейміз!