2023-2024 оқу жылына 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау ережесі » Жамбыл атындағы №2 орта мектеп
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы №2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 73-966-22
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылына 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау ережесі
18
апрель
2023

2023-2024 оқу жылына 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау ережесі

Назарларыңызға!!!
2023-2024 оқу жылына 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау ережесін ұсынамыз.
 1-сыныпқа жеті жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды.
  Құжат қабылдау 2023 жылдың 1-сәуірінде басталып, 1-тамызға дейін жалғасады;
Өтінішті egov.kz және portal.gu.almobl.kz арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
  • Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • «Бала денсаулығы паспорты»
  • (026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат);
  • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 3х4 көлеміндегі фото (2 дана)
ЕСКЕРТУ: 2023 жылы 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі.  Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.